«Бұрын шамамен 100 қазандық болған, кейін олар қайта жаңғыртылып, саны 49-ға дейін қысқартылды, бүгінгі таңда ЖЭС-1 мен ЖЭС-3-те 22 қазандық жұмыс істеп тұр», - деп нақтылады ол.
Семей қаласындағы жылу желілерін қайта жаңғыртуға қанша бюджеттік қаражат бөлінді және Үкімет тарапынан бөлініп отырған қаражатқа қарамастан, соңғы бес жыл ішінде қала жыл сайын жылу беру маусымына неліктен дайын болмай шығады деген журналистердің сұрағына аймақ басшысының орынбасары: «ЖЭС-1-дегі жаңа су ысытатын екі қазандықтың құрылысына ғана 5 млрд. теңге жұмсалды», - деп жауап берді.
«Келесі жылу беру маусымында ЖЭС-1-де жаңа қазандық іске қосылып, ол сол жағалаудағы жылу қуаттылығының тапшылығын жояды», - деді С.Тәукебаев.