ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат -Абай атындағы кітапхана Өскемен қаласында сирек кездесетін кітаптар қорында сақталған латын әліпбиінде шығарылған өткен ғасырлық кітаптар, газеттер мен журналдардан тұратын ерекше көшпелі кітапхана ұйымдастырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Көрмеде әртүрлі мазмұндағы 200-ден астам кітаптар қала жұртшылығының назарына ұсынылды: латын әліпбиінде басылып шыққан Абайдың қара сөздері, С.Мұқанов, Б.Майлин, С.Сейфуллин, Ж.Жабаев, Н.Гогольдің шығармалары, «Лениншіл жас», «Екпінді Алтай», «Түрксіб», газеттері, «Әдебиет майданы», «Комсомол пропагандисі» журналдары.
Абай атындағы кітапхананың қызметкерлері әдебиеттерге шолу жасап, кітаптардың тарихы және олардың қандай жағдайда сақталатыны жайлы айтты.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.