Тергеуді ШҚО прокуратурасының арнайы прокуроры жүргізуде.
Еске сала кетейік, өткен аптада әлеуметтік желілерде жазасын өтеуші ер адамның бейнежолдауы тараған еді. Ол түрме қызметкерлерінен қысым көргенін және өзін-өзі бауыздамақ болғанын айтты.
Сонымен қатар Алматыдағы колонияда әйелдерді ұрып-соғу фактілері де тексеріліп жатыр.
Бас прокуратураның «ҚазАқпарат» ХАА-ның ресми сауалына берген жауабында, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандарды қорлауға жол берілмейтіні айтылады. Өткен жылы түрмедегілерді азаптағаны үшін Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің 6 қызметкері сотталған. 2016 жылы 4 қызметкер бас бостандығынан айырылды.