Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта су тасқынына қарсы шаралар аясында көшелерді еріген қар суынан тазарту жұмыстары жүргізілуде.
«Сол үшін 10 вакуумдық ассенизатор машинасы,8 жылжымалы мотопомпа және цистернасы бар 12 автокөлік іске қосылған. Сондай-ақ кәріз суларын қабылдайтын құдықтарды тазартуға илосос машинасы мен арнайы техника тартылды. Осы сәтте барлығы 22 мың текше метрден астам су сорылды», - делінген ақпаратта.
Су тасқынына қарсы шаралар шеңберінде Холодный Ключ, Восход кенттерінде де қар шығару жұмыстары жалғасуда.
«Қар шығару жұмыстарына барлығы 50-ден астам техника жұмылдырылды. Жалпы биылғы қыс мезгілінің басынан бері шаһар көшелерінен 476 мың текше метрден астам қар шығарылды», - делінген хабарламада.