Семей әкімі Ермак Сәлімов Бобровка кентінің тұрғындарымен кездесіп, оларды толғандыратынмәселелері жөнінде пікір алмасты.
Бүгінде кенттің тұрғындарына қиындық туғызып тұрған ол – ауыз су мәселесі.Бірнеше жыл судың тапшылығын көріп келе жатқан тұғындар қала әкіміне осымәселені қолға алуын өтінді.
«Жалпы Семей қаласында бірнеше елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етілмеген.Алайда, осы істі аяқсыз қалдырмай бір ретке келтіргендіктен бүгінде көп жерлерсумен де, жарықпен де толық қамтылып отыр. Ендігі кезек Бобровка кентіне келді. Кенттіңжағдайымен толық таныспын. Мәселелер қатары менің бақылауымда. Ауыз су бойыншажобалық смета жұмыстарын жасап, арнайы қаражат қарастырып, келесі жылы толықауыз сумен қамтамасыз ететін боламыз. Арнайы су құбырлары үйлеріңіздің алдынадейін тартылатын болады. Мәселе шешілгенше көше бойындағы су колонкаларықосылып тұрады. Ал, жарық мәселесі бойынша мамандар әр үйдің жарығыныңқуаттылығын тексеріп, қосымша жарық трансформаторлары қойылады», - деді қалаәкімі Е. Сәлімов.
Қала тұрғындарын толғандыратын тағы бір мәселе – автобустың сирек қатынауы.
«Алдағы уақытта жаңа автобустар жүре бастайды. Халықтың қолайлылығы үшінбұл автобустар қысқы - жазғы ауысым деп бөлінбей, жұмыс кестесіне лайықтаңертеңнен кешке дейін жүретін болады», -деді қала әкімі.
Сонымен қатар, Ермак Сәлімов кенттің тазалық жұмыстарымен де танысты.Бүгінде тұрғындар ортақ тазалық жұмыстарын өткізуге, келісімшарт жасауғаасықпайтын көрінеді. Осы ретте, қала әкімі қызмет көрсету мекемесіне жәнеполиция қызметкерлеріне айналаны қоқыстан тазарту жұмысын қолға алу жөніндеарнайы тапсырма берді.