Семей маңындағы қыстақта зайыбы жұбайын көсеумен өлтірді
16:42, 18 Наурыз 2013
ӨСКЕМЕН. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Семейге жақын орналасқан Абай ауданындағы қыстақтардың бірінде адам өлтіру оқиғасы болды, бұл туралы ақпарат кезекшінің пультіне келіп түсті.
Оқиға орнына келген полицейлер бұрын сотталған 49 жастағы ер адамның мүрдесі мен оның мас күйінде болған 38 жастағы зайыбын анықтады.
Тергеу кезінде ол жұбайымен бірге арақ ішіп «демалғанын», одан кейін ұрысып қалғанын мойындады. Күйеуіне ашуланған ол оның басынан көсеумен соққан. Құлаған ер адам содан кейін тұра алмаған. «Мен оны қолыма түскен затпен соқтым», - дейді әйел.
Бүгінгі күні әйел уақытша ұстау абақтысына қамалды. ҚР ҚК-нің 96 бабының 1 бөлімімен қылмыстық іс қозғалды, ал материалдар тергеу органдарына жіберілді.