Театрдан astana.kz сайтына хабарлағанындай, семейліктер елордада түрлі жастағы көрермендерге арналған қойылымдарды қояды. Атап айтқанда, кішкентай мектеп оқушылары «Сыйқырлы торсылдақ», поэтикалық спектакль «Отырардың күйреу», және «Он үшінші жұлдызды» тамашалайды.
18 сәуірде Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінің студенттеріне «Отырардың күйреуі» қойылымы ұсынылады. Сондай-ақ труппа М.Горький атындағы орыс драма театры сахнасына 19-20 сәуірде шығады.
Еске сала кетсек, Ф. М. Достоевский атындағы театр ұжымы бұған дейін ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты Шығыс Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндерінде келген болатын.
Семейдегі орыс драма театры 1937 жылы ресми түрде ашылды. 1975 жылы оған Ф. М. Достоевскийдің есімі берілді. Бүгінгі күні театрдың гастрольдік сапары өте кең. Атап айтқанда: Волгоград, Владимир, Кишинев, Барнауыл, Новокузнецк, Бийск, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Астана, Шымкент. Барлық барған жерлерінде театр әртістері көрермендердің құрметіне бөленіп жүр.