Семей мен Курчатовта көктайғаққа байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды
09:33, 06 Желтоқсан 2019
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстанның екі қаласында ауа райының нашарлауына байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Білім басқармасының мәліметінше, 6 желтоқсанда Семейде көктайғаққа байланысты 1-ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары үшін, Курчатов қаласында 1-ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды», - деп түсіндірді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, кеше қалалық ТЖБ-да 6 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр) мол түсетінін ескерткен еді.