Бейсенбі күні өткен кезеңнің маршруты Қазақстанның Семей мен Үржар елді мекендерінің аралығында болды, жарысушылар 597 шақырым жол жүрді. Петерансель 387,86 шақырым қашықтықтағы арнайы учаскеде 3 сағат 16 минут 6 секунд нәтиже көрсетті. Екінші орынды оның Peugeot-тағы отандасы Себастьен Лёб иеленді, ол жеңімпаздан 15 минут 28 секундке кеш келді. Үшінші нәтиже Geely-дағы қытайлық Хань Вэйдің еншісінде, ол - 16 минут 19 секундқа қалып қойды.
Келесі кезең жұмадаҮржар мен Қарамай аралығында 106,6 шақырым болатын арнайы учаскеде өтеді.