Семей мен Қостанайда ертең оқушылар сабақты онлайн оқиды

СЕМЕЙ.KAZINFORM – Ауа райының қолайсыздығына байланысты 15 ақпан күні Семей қаласындағы мектептердегі сабақ онлайн форматқа ауыстырылды. 

Фото: Астана әкімдігі

Семей қаласы әкімдігінің мәліметіне сәйкес, өңірдегі атмосфералық фронттарға байланысты 1 ауысымда оқитын 0 -11 сынып оқушылары және колледж студенттері үшін сабақ қашықтық форматқа ауыстырылады.

Сондай-ақ, Қостанай қаласында -29 градус аяз түседі деп болжануына байланысты 1-2 курстағы колледж студенттері және 0-11 сынып оқушыларына сабақ онлайн өтеді.