Қарағайлы орман алқабында орын алған өртті сөндіруге орман мекемесінің 20 қызметкері мен 2 техника, сондай-ақ РМҚК «Қазавиаорманқорғау» кәсіпорнының 2 әуе өрт сөндіру десантшысы және су төгу құрылғысымен (ВСУ) жабдықталған тікұшағы жұмылдырылды.
Қосымша күш ретінде оқиға орнына орман мекемесінің 20 қызметкері мен 6 өрт сөндіру автоцистернасы, Павлодар қаласынан су төгу құрылғысымен жабдықталған «Қазавиаорманқорғау» РМҚК Ми-8 тікұшағы жұмылдырылуда.
Жағдай Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің тұрақты бақылауында.
Айта кетелік орман өртінің алдын алуға 33 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалғаны туралы жазған едік.