Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының тексерісі нәтижесінде «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ 2024 жыл бойынша Салық кодексінің талаптарын бұза отырып, салық жөніндегі мәліметтерді толық көлемде жібермегені белгілі болды.
Салық кодексіне сәйкес, мемлекеттік орман иелері әр тоқсан сайын төлем жасаушылар мен салық салу нысандары туралы деректерді салық органдарына ұсынуға міндетті.
Салдарынан бюджетке 200 млн теңгеден астам салық түспей қалған.
Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде салықтық берешек толық көлемде өтелді.
Айта кетелік «Семей орманы» резерватына өртті ерте анықтау жүйесі енгізілетіні туралы жазған едік.