Бұл туралы Kazinform ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, аталған құралдарды өкілетті орган өкілдері «Семей Орманы» МОТР» мекемесі Семей филиалына қарасты Караснокордон орман шаруашылығына жүргізген рейд барысында анықтаған.
Нақтырақ айтқанда, 2023 жылдың 28 қазанында №172 және 175 орамдарында қарағай тұқымдас ағаштардың астына «Шатыр» салынған және ол жерден 3 көлік дөңгелегінің қабы (шинасы) табылған. 5 қараша күні тура осындай нәрселер №1 орамнан да табылған. Олар бірден жойылды.
Орманда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі құзырлы органдардың ұдайы назарында.
Қазіргі таңда Семей қаласының полициясы өртеуге арналған құралдар бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
«Қылмыстық істі тергеу жұмыстары Абай облыстық прокуратурасының бақылауында»,-делінген хабарламада.