«Семей орманында» өрт шығарған Абай облысының тұрғыны жазаланды
АСТАНА. KAZINFORM — Абай облысының Өртке қарсы қызметіне «Семей орманы» МОТР РММ Новошульба филиалының Орталық орманшылығы аумағында орман өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Фото: ҚР ТЖМ
Оқиға орнына өңірдегі ТЖД күштері мен құралдары және «Семей Орманы» МОТР қызметкерлері келгеннен кейін жалпы ауданы 0,03 га құрғақ шөптің өртенгені анықталды.
Фото: ҚР ТЖМ
Іздестіру іс-шаралары барысында кінәлі адам анықталды.
Трактор иесі Боровлянка ауылының тұрғыны ҚР ӘҚБтК 367-бабы 3-бөлігі бойынша 184 600 теңге сомасына айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тарелды.
Журналистика саласындағы еңбек жолын 2010 жылы бастаған. Kazinform ХАА-да 2014 жылдан бері тілші, шығарушы редактор болып еңбек етті. Қазіргі қызметі - шеф-редактор.