«Семей орманы» резерватында ағаштарды кесіп алып, әкетіп жатқаны туралы ақпарат - жалған

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Семей орманы» резерватында ағаш дайындалып жатқаны туралы бейнероликке қатысты мәлімет жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: t.me/EcologyofQazaqstan

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты ақпаратына сәйкес, БАҚ-да орман өртінен өткен алқаптардан ағаш дайындау және оны әкету бойынша таратылған бейне шындыққа жанаспайды. Өртті сөндіруден басқа барлық жұмыстар тоқтатылды, соның ішінде орманды кесу және шығару да бар»,-делінген хабарламада.