Жалынды ауыздықтауға «Семей Орманы» резерватының қызметшілері, «Қазәуеорманқорғау» әуе десанттары, орман күзеті және ТЖД қызметкерлері, жалпы 400 адам мен 100-ден астам техника жұмылдырған.
Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, өрттің қарағайлы орманда таралуы тоқтатылды. Алайда орманның ашық алқаптарындағы жеке ошақтардың жануы жалғасып жатыр.
ІІМ ТЖК авиациясы өртті тікұшақпен сөндіруге әрекеттенуде, қазіргі уақытта МИ-26Т тікұшағы 12 мәрте жалпы көлемі 100 тоннадан асатын су шашса, әкімдіктің Ми-8 борты 13 рет 30 тоннадан астам су шашқан.
Айта кетерлігі, орман өрті шамамен 2 мың гектар аумақты шарпыған.