«Қазір шамамен 60 мың гектар деп айтып жатырмыз. Бұл жерде өрттің оқшауланғанға дейінгі аумағын айтып отырмыз. Ал орманды қалыпқа келтіруге қанша уақыт кетеді? Өрттен кейін қызметтік тексеріс жүреді. Алғашқы кезеңде жанған аумақты тазарту жұмыстары атқарылады. Оған шамамен 3-4 жыл кетеді. Орманды қайта қалпына келтіру - өте күрделі іс. Ол үшін ондаған жыл керек», - деп жауап берді министр журналистердің сауалына орай.
Еске сала кетейік, Семей табиғи резерватында қызыл жалын 8 маусым күні тұтанды.
Оттың таралуы тоқтатылды, алайда толығымен өшіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Тілсіз жау салдарынан 14 орманшы қаза болды.