Семей орманында 1500 адам және 300-ге жуық техника бес учаскеде өрт сөндіріп жатыр
10:11, 11 Маусым 2023
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Абай облысында 5 учаскеде өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта өрт сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, ЖАО және Қорғаныс министрлігінен 1500 жуық адам, 290 астам техника жұмылдырылған.
Өрт сөндіру жұмыстары басталғаннан бері өрт ошақтарына әуеден 486 рет жалпы көлемі 1 000 жуық тонна су ағызылды.
Алматы қаласы, Алматы облысы ТЖД жіберілген күш-құралдар, Қарағанды және Алматы облыстарының ҚР ТЖМ әскери бөлімдерінің қызметкерлері өрт сөндіруге кірісті.
Арнайы жіберілген жылжымалы басқару пункті өз функциясын атқарып жатыр.
Апаттар медицинасы орталығының бригадасы қажет болған жағдайда шұғыл медициналық көмек көрсетуге дайын.