«Бас прокуратура жүргізіп жатқан тергеу ісінде Юрий Ильин мырзаның (құқықтық – ред.) мәртебесі қандай?», - деп сұрады журналист Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында.
Берік Асыловтың айтуынша, аталмыш тергеуде экс-министр Юрий Ильиннің мәртебесі айқындалмаған.
«Жай ғана куәгер ретінде тергеді, болды. Яғни, оның ешқандай мәртебесі жоқ – куәгер ретінде ғана тергелді. Қазір тергеу жүріп жатыр», - деді Бас прокурор.
Еске сала кетейік, Семей орманындағы алапат өртке қатысты Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі бойынша іс қозғалған.