Семей - Өскемен тасжолында 70-тен астам көлік қар құрсауынан шығарылды
11:10, 03 Наурыз 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат – Семей - Өскемен тасжолында 70-тен астам көлік қар құрсауынан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz сілтеме жасап.
«Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полицейлер жолда қалған адамдарға көмекке келді. Патрульдік полиция ротасының экипажы жолды жауып, жүк тиегіш пен грейдер жолды қардан тазартты. Қар құрсауынан шығарылған көлік бағаны Семей қаласына қарай жүрді», - делінген хабарламада.