Семей, Өскемен және Көкшетауда ЖЭО құрылысы қашан басталады
АСТАНА. KAZINFORM – Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Семей, Өскемен және Көкшетау қалаларында жаңа жылу электр орталықтарының құрылысы қашан басталуы мүмкін екенін айтты.
«Көкшетау қаласы бойынша техникалық-экономикалық негіздемеге түзетулер енгізіліп жатыр. Сөз барынша үлкен прогресс, осы жылдан-ақ құрылысты бастау мүмкіндігі жайында болып отыр. Қалған жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу аяқталуға жақын. Оның қорытындысында техникалық шешім бекітіліп, тиісті зауыттардан жабдықтарға тапсырыс беріледі», - деді министр Үкімет отырысынан кейінгі брифингте БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Өткен жылдың қарашасында Қазақстан мен Ресей Энергетика министрліктері арасында Көкшетау, Семей және Өскемен жылу электр орталықтарын салу жобалары бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік меморандумына қол қойылған болатын.