деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Министр Семей полигонына жататын жерді ауыл шаруашылғына беру жөніндегі жұмыс аяқталуда және жақын арада халық игілігіне тапсырылатын болады, деп отыр. «Қазіргі уақытта қорытынды сараптама, құжат жұмыстары, өңір басшыларының келісімі берілген құжаттар рәсімдеу мәселелерін аяқтау қалды. Мұнда принципиалды ештеңе жоқ, әдеттегі тәртіптер жасалуда. Біз заңнамада көрсетілген тәртіптерді орындауды аяғына дейін жеткізбей Президент Жарлығын дайындай алмаймыз ғой», дейді Н. Әшімов.
«Семей полигонының пайдалануға берілгелі жатқан жер аумағы елдің үш облысына бөлінген. Қоршаған ортаны қорғау министрлігі бұл аумақты тиімді басқару мақсатында жерді бір аймаққа ауыстырып, онда жеке аудан құру жөнінде ұсыныс тастады», деп атап көрсетті ол.
Еске сала кетейік, Семей полигонына қарасты жердің 80 пайызына жуығы ауыл шаруашылығына жарамды деп табылып, оны экологиялық қауіпі жоғары аумақтан шығару, шекараны қайта белгілеу жұмыстары Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және бірқатар ведомстволардың мойынына жүктелген болатын.