«Кітапхана - қасиетті орын. Ол келген адамдардың тек кітап оқуына ғана жағдай жасамай, осында түрлі шараларды өткізіп тұрады. Сондықтан да өз басым кітапхананы қоғамдық өмірдің шоғырланған кіндігі деп санаймын. Бізде ЮНЕСКО-ның ұлттық комиссиясы бар. Комиссия жұмыскерлері мен ҚР Ұлттық кітапхана қызметкерлері ЮНЕСКО-ның «Халық жады» деген тізбесіне Семей сынақ алаңын енгізгелі жатыр», - дейді ҚР Ұлттық кітапханасының Бас ғылыми хатшысы Еділхан Ысмайылұлы. Оның айтуынша, мұндай апат орны халық жадында мәңгі ұмытылмайды. Ғарышкерлер күні мен Чернобыль АЭС-дегі апаттың 25 жылдығына арналған бұл шараның арасында өзара байланыс бар. Бірі адамның ғарышқа көтерілген жұлдызды сәтіне арналса, екіншісі төтенше апаттың үлкен зардабын еске түсіруге бағытталған. Өмірдің мұндай 2 сәттерін әрдайым есте қатар ұстауымыз керек.
17:10, 12 Сәуір 2011
Семей сынақ алаңын ЮНЕСКО-ның «Халық жады» тізбесіне енгіземіз - ҚР Ұлттық кітапханасының Бас ғылыми хатшысы
АЛМАТЫ. 12 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Семей ядролық сынақ алаңы әлемде әлі күнге дейін халық тұрып жатқан әлемдегі жалғыз полигон. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен «Чернобыль АЭС-дағы ядролық апатқа 25 жыл» деп аталатын халықаралық дөңгелек үстел жиынында айтылды.