деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Бүгін түнде Семей стансысы вокзалы маңындағы алаңдағы төрт қабатты электротехникалық орталықтандыру бекеті қызыл жалынға оранды.
«Ғимараттың 3-4 қабаттарынан шыққан өрт 380 шаршы метр аумақты шарпыды. Төтенше оқиға орнынан 20 адам қауіпсіз жерге көшірілді», - делінген ведомство ақпаратында.
Қызыл жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 101 маманы мен 17 техникасы жұмылдырылды.