АСТАНА. ҚазАқпарат - Семейде сот Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен қала тұрғынына доңғалағы жолдағы шұңқыр салдарынан жарылғаны үшін 19 375 теңге мөлшерінде өтемақы өндіру туралы шешім шығарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Семей тұрғыны «Skoda» маркалы автомобилінің доңғалағы жолдағы шұңқыр салдарынан жарылғанын айтып, «Семей қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің үстінен» сотқа шағым түсіреді. Семей қалалық соты материалдық залалды өтеу жөніндегі азаматтық істі қарап, ҚР Азаматтық кодексінің 917-бабының 1-тармағына сәйкес шешім шығарды" делінген баспасөз баянында.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.