Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында тапшы медициналық препараттарды заңсыз сату фактісін анықтады.
Дәрі-дәрмекті заңсыз сатумен Семей қаласының тұрғыны айналысқан. Ол «Метрид», «Парацетамол» «Аспирин», «Эргоферон», «Новокаин», «Лидокаин» сияқты тапшы препараттарды көтеріңкі бағамен сатпақ болған.
Осы заңбұзушылық бойынша материал айыпты тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін ШҚО бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданды.
Дәрілік препараттарды жоғары бағамен заңсыз сату фактілері бойынша комитеттің - 8 (7172) 70-84-78 және департаменттің – 8 (7232) 24-06-05 сенім телефондарына хабарласуға болады.