СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Альберт Асқаров әлеуметтік желіде тарап жатқан Семей тұрғыны коронавирус жұқтырды деген ақпарат жалған екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
30 қаңтар күні таңертеңнен Whatsapp желісінде Семей тұрғынының короновирус жұқтырғандығы жайлы хабарлама лезде тарап кеткен. ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Медицина саласындағы төтенше жағдайлар орталығының директоры Альберт Асқаров бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
«Қазақстанда коронавирус жұқтырған ешкім жоқ. Егер ондай жағдай орын алып жатса, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бірден ресми мәлімдеме жасайды. Сондықтан барлықтарыңызды үрейленбеуге шақырамын» - дейді ол.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.