Семей ядролық қаруға қарсы халықаралық конференция қонақтарын қарсылауға дайындалуда

АСТАНА. 17 тамыз. ҚазАқпарат - Семей әкімі Айбек Кәрімов және оның орынбасары Зәуреш Исабаева Полковничий аралында Қазақстанда тамыз айының аяғында өтетін ядролық қаруға қарсы халықаралық конференция аясындағы шараларға дайындық жұмыстарымен танысып өтті.

Жалпы алғанда, қала әкімі өткізіліп жатқан жұмыстарға риза болды, деп хабарлады Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметінен.

Қала тұрғындарын форум шараларын өткізу күні не күтетіні туралы журналистерге Зәуреш Исабаева айтып берді.

- Семейде ядролық қаруға қарсы форумды жыл сайын өткізу дәстүрге айналды. Биыл ол 28 тамыз күні Полковничий аралында өткізіледі. Қазіргі кезде дайындық жұмыстары жүргізілуде. Форум аясында Бейбітшілік Мұражайының іргетасын қалау жоспарланып отыр. Менің ойымша, оның салынуымен аралымыз түрленеді. Қала тұрғындары бұл жерде бос уақыттары мен отбасылық салтанаттарын өткізуді жақсы көреді.

Әкім орынбасарының айтуынша, 86 парламентші конференцияға қатысатынын мәлімдеді. «Өлімнен де мықты» ескерткішінің кіреберісінде бес этнографиялық киіз үй орнату жоспарлануда. Олардың ішінде Семейдің ұлттық-мәдени орталықтары көрме ұйымдастырады. Конференция қатысушылары Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталыққа, Мемлекеттік медицина университетіне, Семей қаласының Аймақтық онкологиялық диспансеріне, Невзоровтар отбасы атындағы мұражайға, облыстық өлкетану мұражайына, Ф.Достоевский атындағы тарихи-мемориалдық мұражайына барады. 28 тамызда сағат кешкі бесте Полковничий аралындағы қонақтар митингіге, ал 29 тамызда - Астанада өтетін конференция жұмысына қатысады.

Сондай-ақ әкім орынбасарының айтуынша, қазіргі уақытта Полковничий аралында автобус бағдарын ұйымдастыру мәселесі шешілуде.