СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласының жастары «Менің Туым - менің Отаным» акциясына белсенді қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық жастар ресурстық орталығының мәліметіне сүйенсек, Тәуелсіздік күнінде белсенділер Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы бейнеленген автокөліктерге арналған 100-ге тарта жапсырманы таратты.
Бұдан бөлек, акцияны көпқабатты үйлердің тұрғындары қолдаған. Оның ішінде жаңадан бой көтерген Қарағайлы шағынауданының жұртшылығы да бар. Балкондарға ілінген 10-нан астам көк байрақты көруге болады.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.