Шара барысында олар үйсіз-күйсіз жүрген жандарға нан таратты. Бұл жарқын істің басты мақсаты - тағдыр тәлкегіне түскен адамдарға қол ұшын созып, қайырымдылық жасауға жастарды ынталандыру.
«Асыңа тойғызбасаң да, ақ ниетіңе тойғыз» дегендей, шын жүректен қолға алынған дүние өз қолдаушыларын тапты. Кішігірім өткен акция болса да, көптің көңіліне мейірім мен үміт сыйлады. Бес күндік жалған дүниеде қолымыздан келгенше жақсылық жасап өтуге тырысайықшы»,-дейді Мадина Советбекқызы.