Бүгінге дейін 2,5 мың қапшық құм, қиыршық тастар текшелді, деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі. Жиналып қалған қарғын сулары мотопомпамен сыртқа ағызылды.
«Қазіргі кезде су теміржолдан екі жүз метрдей жерде, жол қабатын су басып қалу қаупі сейілді. Жасанды имараттар арқылы сулар ағызылуда.
Су өткізу құбырлары жартылай ғана 50 пайыздық мөлшердегі сумен жүктелген»,-дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Жол және Ғимараттар департаментінің жасанды имараттарды жөндеу жөніндегі менеджері Ардақ Әлібеков.