ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, алғашқы жағдай Семей қаласында болған.
2009 жылы туған балақай ата-анасымен бірге шаңғы базасынан оралғаннан кейін жылу батареясының жанына отырып, жылынбақ болған.
Сол кезде аяқ астынан бір қолы батареяның арасына қыстырылып қалған.
Жақындары қанша тырысса да, жеткіншекке көмектесе алмады.
«Құтқарушылар қоңырау түскеннен кейін жедел оқиға орнына аттанып, баланы құтқарды. Ал апаттық медицина бригадасының дәрігері жасөспірімге медициналық және психологиялық көмек көрсетті. Жедел жәрдем қызметкерлері баланың күйіп қалған қолына дәрі жағып, таңып берді. Балақай ауруханаға жатудан бас тартты» деп түсіндірді департаменттен.
Екінші оқиға Риддер қаласында болған. 15 жасар жеткіншек ағашқа өрмелеп шығып, сосын қайтадан жерге түсе алмай қалған.
Арада бір сағат уақыт өткенде оның достары құтқарушыларды шақырған.
Құтқарушылар үшиінді сатының көмегімен баланы төменге түсірді. Иван ағашқа әткеншекті жөндеу үшін өрмелеп шыққан екен.
ТЖД қызметкерлері ата-аналарға баланы қараусыз қалдырмай, әрқашан мұқият болу керектігін еске салады.
Балалардың өмір қауіпсіздігі ата-ана жауапкершілігіне тікелей байланысты.