Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Қарағайлы шағын ауданында мемлекет қаражаты есебінен жалпы ауданы 130,7 мың шаршы метрді құрайтын 24 көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр. Бұл жалпы саны 1700-ге жуық пәтер.
«Сонымен қатар осы жылы аталған шағын ауданда 1017 пәтерлік 16 несиелік үй және 13 коммерциялық үй салу жоспарлануда. Олардың жалпы ауданы 87,7 мың шаршы метрге жетеді. Бес үйді – Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры арқылы, ал 8 үйді «Ертіс ӘКК» ҰК акционерлік қоғамымен бірлесіп салынады», - делінген ақпаратта.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Семейде тарихи орындардың біріндегі ескі үйлер сүрілетіндігін хабарлаған болатынбыз.