Салтанатты шараға «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, қала әкімдігінің, қорғаныс істері жөніндегі басқарманың өкілдері, сондай-ақ Қарулы Күштердің ардагері, запастағы подполковник Айдар Смағұлов қатысты. Олар әскерилерді қызметтегі маңызды күндерімен құттықтап, сәттілік тіледі.
Қазіргі уақытта физикалық тұрғыда мықты, білімді, моральдық жағынан тұрақты және адал жігіттер армия қатарына шақырылуда. Олар біздің ата-бабаларымыздың даңқты жауынгерлік дәстүрлерінің лайықты жалғастырушылары, - деді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Асан Жүсіпов.
Әскери ант қабылдау - бұл әр сарбаз үшін ерекше маңызды сәт. Бұл салтанатқа барлығы 200-ден астам әскери қызметші қатысты.