Қалалық білім бөлімінің мамандары осындай болжам жасады.
Қазіргі сәтте Семейде 15 мектепке дейінгі ұйым және жалпы білім беретін мектептерде 49 мектепке дейінгі шағын орталық жұмыс істейді. Қалада ұйымдастырылған тәрбие берумен 6223 бүлдіршін қамтылған, ал балабақшалардың кезегінде 4 мың 200 сәби тұр.
Қалалық білім бөлімі бастығының орынбасары Николай Пивкиннің айтуынша, кезек проблемасы түрлі жолдармен шешілмекші. Бірінші тоқсанда Жастар кентінде 320 орындық балабақша пайдалануға беріледі.