Бұл жайлы Ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихаты барысында қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Біржан Бұлабаев мәлім етті.
«Бүгінде шаһар бойынша 60 балабақша жұмыс істеп тұр. Автоматтандырылған базадағы кезекте 4665 бүлдіршін бар. 2022-2025 жылдар аралығында 2290 орындық тоғыз балабақшаның құрылысы жоспарлануда», - деді ол.
Семей бойынша балабақшаға ең үлкен кезек Цементный кенті, Жаңа құрылыс Затон, Мирный, Орталық, Бобровка және Қарағайлы шағын аудандарында тіркелген.
«Жеке меншік балабақшаларды көптеп ашу үшін инвесторлар іздестірілуде. Сондай-ақ қазір басқа мекемеге айналған бұрынғы балабақшаларға талдау жасалды. Барлығы 8 ғимарат болса, оның бесеуінде квазимемлекеттік сектор мекемелері жұмыс істеуде», - деді Біржан Бұлабаев.