«Биыл қала әкімдігі қаланың сыртқы келбетіне ерекше көңіл бөледі. 2023 жылы қаланың сыртқы келбетін жақсарту үшін тұрғын үй шаруашылығын дамыту жөніндегі жұмыстар шеңберінде 32 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады», - деді Нұрбол Нұрсағатов.
Сондай-ақ, биыл бірнеше көпқабатты тұрғын үйлердің қабырғаларына муралдар бейнеленбек.
«Тұрғын үйлердің сыртына Семей қаласының туристік келбетін бейнелейтін және қалаға ерекше көрік беретін муралдарды салуды жоспарлап отырмыз. Мысалы, Ш.Құдайбердіұлы, Б.Момышұлы, Қ.Сәтбаев көшелеріндегі үйлерге сол ұлы тұлғалардың бейнелері бар муралдар салынады. Сонымен қатар, №1 шағын аудандағы бірнеше үйдің қабырғаларына Абай облысының көрікті жерлерінің суреттері бейнеленеді», -деді қала әкімі.