Ведомство атап өткендей, жолдағы бір ғана ереже бұзушылық кейде адам өміріне әсер ететін жағдайға ұласуы мүмкін. Сондықтан Семей қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс күн сайын жалғаып келеді.
— Жыл басынан бері Семей қаласы Полиция басқармасы Патрульдік полиция қызметкерлері 32 227 құқық бұзушылықтың жолын кесті. Статистикаға назар аударсақ, анықталған фактілердің басым бөлігі — жол қозғалысы ережелерін сақтамауға байланысты, — дейді тәртіп сақшылары.
Оның ішінде:
- 5 693 — белгіленген жылдамдықты арттыру;
- 4 817 — қауіпсіздік белдігін тақпау;
- 3 420 — маневр жасау қағидаларын бұзу;
- 2 484 — тоқтау және тұраққа қою талаптарын бұзу;
- 2 213 — көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдалану;
- 1 195 — көліктің техникалық жағдайына қойылатын талаптарды бұзу;
- 926 — сақтандыру полисіне қатысты құқық бұзушылық;
- 266 — жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу;
- 202 — көлік құралын қайта жабдықтау талаптарын бұзу;
- 142 — көлік әйнектерін талапқа сай емес қараңғылау;
- 136 — мемлекеттік нөмірлік белгісіз көлік басқару.
Жалпы жыл басынан, 29 607 жол қозғалысы ережесін бұзу фактісінің жолы кесілді.
Осыдан бұрын Семейде TikTok эфирінде былапыт сөз айтқан әйел сотталғанын жаздық.