СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында 7 көлік соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі
Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы Тұрлыханов көшесінде болған.
«Toyota» автокөлігін тізгіндеп келе жатқан ер адам жылдамдықты рұқсат етілген шектен асырып жіберіп, туран сондай маркалы басқа көлікке соқтығысты. Сондай-ақ осының салдарынан ВАЗ, Lada, Foton, Mercedes, Toyota көліктері жол апатына ұшыраған. Зардап шеккен ешкім жоқ. Көлік иелеріне материалдық шығын келтірілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта оқиғаның анық-қанығы анықталып жатыр.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.