СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде із-түссіз жоғалып кеткен 9 жасар бала іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
24 қаңтар күні сағат 9.00 шамасында үйден шығып кеткен Айдар Егізбаев сол күйі қайтып оралмаған. Бүгінде тәртіп сақшылары іздестіру шараларын жүргізуде. Жоғалған баланы табуға еріктілер де атсалысуда.
«Айдардың бойы 120 см. Арық денелі, шашы қысқа, көзі қоңыр. Сары спорттық күртеше, шапка, шалбар, қара етік киген. Балаға қатысты қандай да бір ақпарат білетіндерден «102» желісіне хабарласуды сұраймыз», - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.