Балалар сабақта Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен терең танысады және бес бірдей үйірмеге қатыса алады. Оқытушылар мектеп оқушыларын поэзияға, қолөнерге баулып, тоғызқұмалақ ойынын үйретеді. Абай мектебіне 70-тен аса бала келеді деп күтілуде.
«Біз мұражайдың жанында оқушыларға тәрбие беретін осындай мектептің болғанын қаладық. Оның жастарымызға мәдени, рухани азық беріп, өнерге баулуда мәні зор», - деді Абай мұражайы директорының орынбасары Болат Жүнісбеков.