Көрмеге тек Абай шығармалары ғана емес, ұлы ойшыл туралы мақалалар жазылған ескі және жаңа газет-журналдар, кітаптар, сондай-ақ ақын туындыларының аудармалары ұсынылған. Ашылу салтанаты барысында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожина бұл шараның басты мақсаты – оқырманға хәкімнің өмірі мен шығармашылығын таныстыру екендігін атап өтті.
«Мүмкіндігі шектеулі жандарды рухани тұрғыда байыту мақсатында бұл кітапхана мен қалалық Мәдениет үйі арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Осының нәтижесінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі әдебиеттер CD-дискілерде жарық көріп, кітапхана қоры толыға түспек», - дейді ол.