ШҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Семейдегі жұқпалы аурулар ауруханасында жатқан 2006 және 2007 жылғы балалар коронавирустан айыққан.
«Қазіргі уақытта екеуі өз үйлерінде, жағдайлары жақсы. Олар толықтай тексеруден өткен. COVID-19 сынамасы теріс нәтиже көрсетті», - делінген мәліметте.
2006 жылы жылы туған жасөспірімде ауруханаға түскенде құрғақ жөтел, әлсіздік және 38 градус температура болған. 3 сәуірде оған «пневмония» диагнозы қойылды. Коронавирусқа алынған сынама оң болып шыққан. Үш күннен соң оның 2007 жылы туған бауырынан вирус табылды.
Естеріңізге сала кетсек, 20 сәуір Шығыс Қазақстанда 3 адам қауіпті дерттен жазылып шыққан болатын. Бұл - 1959 жылғы семейлік әйел мен Өскемен қаласында тұратын 1938 жылғы екі зейнеткер.