Семейде әлеуметтік дәріхана ашылды

СЕМЕЙ. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Ендігі жерде семейліктер дәрі-дәрмек түрлерін көтерме сауда бағасымен ала алады. Бүгін Семейде алғашқы әлеуметтік дәріхана ашылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Жаңа әлеуметтік фармацевтік мекеме шығысқазақстандық ірі «Қазмедимпорт» АҚ жетекшісі Павел Мариничевтің бастамасымен ашылды. Фармацевтік компанияның Өскеменде үлкен әлеуметтік дәріхана жүйесі бар. Оның филиалдары Астанада және Павлодарда да жұмыс істейді. Бұл ? Семейдегі алғашқы әлеуметтік дәріхана. Жақын арада дәрі-дәрмек сататын осындай бірнеше мекемелер ашылатын болады.Сала мамандары мен қала тұрғындарының пікірінше, қазіргідей дағдарыс жағдайында бұл өте жауапты да қажетті қадам.