Бір қызығы, алып асқабақты өсіруге ешқандай химиялық қоспа, дәрі-дәрмек қолданылмаған. Бағбандар бұл көрсеткішті келесі жылы тағы еселей түспек. Мұнда сондай-ақ бір келіден асатын сәбіз бен картоп та бар.
«Өмірі болмаған мұндай алып асқабақ енді осындағы аң-құстардың қысқы азығына айналады. Өткен маусымда оқу-тәжірибелік телімнен 600 келіден артық картоп, 758 келі сәбіз, 700 келіден артық асқабақ жиналды», - дейді биологиялық орталықтың бөлім меңгерушісі Дарья Вощакина.