Семейде ашық люктерді енді полимер қақпақтарымен жабуда

АСТАНА. 16 тамыз. ҚазАқпарат - Семейдің өкімет орындары кәріз люктерінің ұрлануына қарсы күресте бір әдіс ойлап тапты.

Енді ұрланған шойын қақпақтардың орнына жаңа полимерлік қақпақтар орнатылады, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.

Әкім және қалалық мәслихат полимерден жасалған қақпақтарды сатып алу үшін 10 млн. теңге көлемінде ақшалай қаражатты бөлуге шешім қабылдады. Пластиктен жасалған олардың енді ұрылар үшін ешқандай құндылығы жоқ.

Қақпақтарды ауыстыру бойынша тендерді семейлік «Көпірбасқармасы» кәсіпорны жеңіп алды. Өз кезегінде ол бұл өнімді жергілікті фирмалардың бірінде дайындау келісім-шартын жасады. Әкім бөлген қаражат 241 қақпақты жасап шығаруға жетті. 30 данадан тұратын алғашқы топтама тапсырыс берушіге жетті және қазіргі кезде қала көшелерінде орнатылуда.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта қалада 400-ге жуық кәріз люктері бар. Күн сайын шамамен олардың қақпақтарының бесеуі жоғалады, ал кейде ұрланған қақпақтардың саны 10-ға дейін жетеді. Уақыт өте келе бұл «тұзақтар» жойылады.