Қардың көп мөлшерде жаууына байланысты Семей қаласының көшелерін қар басты.
Жергілікті атқарушы органдардың өтініші бойынша 2023 жылғы 8 қаңтарда сағат 09:10-да ТЖМ 68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін қар шығаруға кірісті.
Қазіргі уақытта 150 тонна қар шығарылды. Қаланың орталық көшелерінен қар шығару жұмыстары жалғастырылуда.
Фото: t.me/qr_tjm