Семейде аспалы көпірдің астында демалыс орны пайда болды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында аспалы көпірдің астында жаңа демалыс орны ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абай облысы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Семейде жаңа қоғамдық демалыс орны пайда болды. Аспалы көпір астында ашылған демалыс орнында скейт парк, паркур және воркаут алаңдары бар.

Көпірасты алаңы бірнеше бөлікке бөлінген. Стритболға арналған спорттық аймақ, фитнес аймақ және балалар ойын алаңы. Алаңның жалпы ауданы – 3500 шаршы метр. Ертіс жағалауына жақын маңда дәмхана павильондары жұмыс істейді.

«Барлық жұмыстар демеушілердің қаражатына жүргізілді. Көпірасты аумақтың артықшылығы – кез келген ауа-райында қолайлы. Жаңбырдан немесе күн сәулесінен жасырынып, қалаған уақытта спортпен айналысып, демалуға болады», - делінген ақпаратта.

Жалпы қала бойынша биыл 12 жаңа қоғамдық орын жасалатын болады.