Семейде аты-жөні белгісіз ер адамның мәйіті табылды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде тапа-тал түсте темір жол бойынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Марқұмның денесі Дальный көшесінің маңынан табылды. Полицияға хабар берген куәгерлер оны пойыз қағып кетті деп ойлаған, алайда тексеріс барысында оның денесінен ешқандай соққы жарақаттарының белгілері анықталған жоқ.

«Мәйіттің түр-әлпеті азиялық, оның бойынан ешқандай жарақат іздері байқалған жоқ. Оның тұрақты мекен жайы да жоқ болып шықты. 36 жастағы азамат  арақтан уланып өлуі мүмкін», - дейді Семей қалалық ІІБ баспасөз қызметінің жетекшісі Елубек Оспанов.

Фото: www.setwalls.ru