Бұл туралы бүгін қалалық ішкі істер басқармасында өткен баспасөз мәслихатында мәлім етілді.
Ішкі істер басқармасы ның ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі жедел уәкіл қызметкері, полиция капитаны Сергей Пальчиковтің журналистерге хабарлағанындай, «Юность» ауылының тұрғыны қару дайындап және оны сатумен айналысатыны туралы семейлік бір азаматтан шағым түседі. Жедел іс-шаралар барысында полицейлер бақылау сатып алуын жасайды - 4 мың теңгеге қос оқпанды шолақ мылтықты сатып алады. Екінші шолақ мылтық бірнеше күннен кейін 16 мың теңгеге сатып алынады. Жүргізілген сараптама қарулардың оқ атуға жарамдылығын қуаттайды.
Полицейлердің ақпараты бойынша, екінші мылтықты сату кезінде саудагер оларға 30 мың теңгеге 300 грамдай жарылғыш затты сатып алуды ұсынған, жарылғыш заттың қуаты мен құрамын қазір сарапшылар тексеріп жатыр.
Ұсталған азамат 2000 жылы аса қауіпті қылмыскер деп танылған, 4 рет сотталған, Риддер қаласының тұрғыны болып шықты. Қазір оның үстінен тағы қылмыстық іс қозғалып отыр.